- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада «Алтын адам» экспонатының көрмесі ашылды
Қызылордада «Алтын адам» экспонатының көрмесі ашылды
2 Тамыз, 2016 20:37
2-4 тамыз аралығында Қызылорда облыстық тархих-өлкетану мұражайында «Алтын адам» экспонатының көрмесі өтеді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мира Әбуова мәлімдеді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ҚР Ұлттық мұражайы «Ұлттық экспонат сенің – қалаңда» атты акция ұйымдастырды. Көрмені тегін тамашалауға болады.
Жыл басынан бері облыс мұражайларында 4510 экскурсия, 323 лекция, 290 көрме ұйымдастырылған. Мұражайлар қоры 2 141 экспонатпен толықты. «Музеолог» бағдарламасы бойынша 1 542 экспонат енгізілді. Басқарма басшысының орынбасары облыстың мәдениет саласындағы басқа да көрсеткіштерді саралады.
« 2016 жылы Сығанақ, Шірік-Рабат және Жанкент қалашықтарында археологиялық зерттеу жүргізуге 24 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні тарихи нысандарда тиісті жұмыс жүргізілуде», - деді Мира Әбуова.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды