- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның барлық мектептері тамыздың 25-не дейін оқулықтармен қамтамасыз етіледі
Қазақстанның барлық мектептері тамыздың 25-не дейін оқулықтармен қамтамасыз етіледі
Жалпы білім беру мектептерін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен уақытылы және толықтай қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі бірқатар нақты іс-шараны қолға алды.
Ел аймақтарына оқу әдебиеті тамыздың 1 мен 16 аралығында жеткізіліп, тамыздың 25 дейін барлық мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етеді.
Орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшуге байланысты 1-сыныптарға жаңа оқулықтар дайындалды. Бес баспаның шығарған оқулықтары «Алматыкітап баспасы» ЖШС – «Обучение грамоте», «Қазақ тілі» (орыс мектептеріне), «Русский язык» (қазақ мектептеріне), «Музыка»; «Корпорация «Атамұра» ЖШС – «Сауат ашу», «Көркем еңбек»/«Художественный труд»; «Мектеп» – «Математика», «Жаратылыстану/»Естествознание», «Дүниетану»/»Познание мира» (разработчик – НИШ); «Бөбек» ҰҒПОСО – «Өзін өзі тану»/ «Самопознание», «Express Publishing» ЖШС – «Ағылшын тілі») республикалық сараптаманың барлық кезеңдерінен өтіп, білім мекемелеріне қолдануға рұқсат етілетін оқу әдебиеттері тізіміне қосылды. Барлық оқулықтар ұйғыр, өзбек, тәжік тілдеріне аударылды (ұлттық мектептер үшін).
Баспалар мен жергілікті атқарушы органдар арасында келісімшарттардың жасалуы, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың уақытылы басып шығарылуына мониторинг жүргізіліп, аймақтардан алынған ақпарат сараптамадан өткізілгеннен кейін оқу құралдарының білім мекемелеріне жеткізілуі үнемі бақыланып отырды.
2016 жылдың қыркүйек айында еліміздегі мектептердің 1-ші сыныптарында 380265 бала оқи бастайды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес"