• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметінде гидротехникалық құрылымдарды қайта жөндеу мақсатында АӨК дамыту мәселелері қаралды

ҚР Үкіметінде гидротехникалық құрылымдарды қайта жөндеу мақсатында АӨК дамыту мәселелері қаралды

2 Тамыз, 2016 08:43
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ауыл шаруашылығын дамыту бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында экономикалық өсімді қамтамасыз ету, атап айтқанда инвестициялық субсидиялау, мал шаруашылығын субсидиялау, несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, су инфрақұрылымын дамыту, апатты су қоймаларын қалпына келтіру, гидротехникалық құрылымдарды қайта жөндеу мақсатында АӨК дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады pm.

Сондай-ақ, «ҚазАгро» холдингінің сүт қабылдау бекеттері желісін құру және отбасылық сүт фермаларына, отбасылық мал жемдейтін алаңдарға қолдау көрсету және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация ұйымдастыру, сервистік-дайындау орталығын қалыптастыруды қолдау және жеке қосалқы шаруашылықты қаржыландыру, сондай-ақ қолданыстағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағыттары бойынша жобалары қаралды.  

Барлық жаңалықтар