- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық армияның құрамасы Ресейдегі АрМИ-2016 сайысында көрнекі командалардың бірі атанды (ФОТО)
Қазақстандық армияның құрамасы Ресейдегі АрМИ-2016 сайысында көрнекі командалардың бірі атанды (ФОТО)
Әскери қызметшілеріміз 23 байқаудың 21-інде ұсынылған. Мұндай барынша қамту жалпы командалық сынақта жеңімпазды анықтау үшін шешуші мәнге ие және әрине, өзге елдер үшін ынталандыру болып табылады. Командаларымыз өнер көрсететін байқаулардың пішімі мен ерекшелігі әр алуан.
Кәсіпқойлық жағынан бақ сынасып, халықаралық аренада Қазақстан Қарулы Күштерің намысын әскери ұшқыштар, теңізшілер, десантшылар, жүргізушілер, танкішілер мен теңіз жаяу әскерлері, инженерлер, әскери дәрігерлер, әскери аспазшылар, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары, кинологтар, сүңгуірлер, мергендер және артиллерияшылар қорғайтын болады. Олардың біршамасы «қызу тартысқа» түсіп те кетті.
Таяуда Ресейдегі «Патриот» саябағының басты алаңында Армия халықаралық ойындары – 2016 жарысының ресми түрде ашылу рәсімі өткен болатын. Аталмыш дода Мәскеу облысының «Алабино» полигонында «Танк биатлоны» байқауына қатысатын танк экипаждарының басталуын білдіретін оқ атудан басталды. АрМИ-2016 ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Қорғаныс ведомствосының басшысы сайыста еліміздің Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын қазақстандық құрамамен жүздесіп, әскери қызметшілерге алдағы байқауда сәттілік және жеңіс тіледі. Армия халықаралық ойындары – бұл әскери саладағы ғаламат оқиға. Кәсіби машық пен шеберліктің ірі сайыс алаңы. Бұл тартысты бәсекеге әуеде, құрлықта және теңіздегі үздік, ең мықты және дайындалған атағын иемдену үшін тұтас армия жиналады.
Ойындар шілденің 30-ы мен тамыздың 13-і аралығында өтеді. Биылғы жылы Армия ойындарының ауқымы барлық сапалық және санды өлшемшарттар бойынша кеңейді. Қазіргі ойындарды 3 000-нан аса әскери қызметші, Азия, Еуропа, Африка және Латын Америкасының 20 мемлекетінен келген 120-ға жуық армия командалары біріктіруде. Далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқау, оның 10-ы жаңасы, бір уақытта Ресей мен Қазақстанның 20 әскери полигонында өтеді.
Бұл ретте теңіз байқаулары Балтық, Қара және Каспий теңіздерінің су айдындарында өтеді. Оның ішінде, Қазақстан Қарулы Күштерінің «Гвардейск» полигонының аумағында алғаш рет «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» екі байқауы өткізілмек. Қазақстанда халықаралық байқаулар ертең басталады. Үздік мергендер мен артиллерияшылар бәсекеге түседі.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады