Жамбыл облысы жылына екі тоннаға жуық уылдырық өндіреді

1 Тамыз, 2016 18:21
Жамбыл облысының нарығына қара уылдырықтың алғашқы 100 келісі 2017 жылы келеді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«ЛКЗ» балық шаруашылығы ЖШС  деликатестің бас өндірушісі болып табылады. Бүгінгі таңда зауытта бекіре балықтың төрт түрі өсірілуде: орыс бекіресі, лен бекіресі, сібір-орыс гибрид бекіресі және будан балық. Зауыт 60 тонна тауарлы балық және 2 тонна уылдырық өндіруге есептелген. Зауыт суы барлық өндіріс шаруашылығы үшін өздерінің жеке ұңғымаларынан алынады. Яғни, суды өз ұңғымаларынан алғандықтан су ресурсына шығын шықпайды.

Зауытта барлы процесс толығымен автоматтандырылған. Барлық режим, жылу бәрі балықтардың түрлері мен жас ерекшеліктеріне қарай қойылады. Бұл саланың дамуына қолайлы жағдай туғызады жіне дайын өнім алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Аталмыш жоба Жамбыл облысында 2014 жылдан бастап жүзеге асуда. Бірегей технологияның арқасында бекіре балығынан алынатын ет пен уылдырық «Люкс» класты өнімге жатады. Бұдан бөлек, аймақтағы ірі агрофирма 6 жылдан кейін бекіре уылдырығын өндіру көлемін жылына 7-8 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар