- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Аяған: Қазақстанды ауқатты мемлекеттің қатарына жатқызуға болады
Б. Аяған: Қазақстанды ауқатты мемлекеттің қатарына жатқызуға болады
«Менің көзқарасым бойынша, Қазақстанды ауқатты мемлекеттің қатарына жатқызуға болады. Осыған байланысты нақты белгілер бар және сол бойынша халықаралық шолулар мен аналитика дайындалады. Біріншіден, Қазақстанның экономикалық жетістіктері. Халықаралық ұйымдар Қазақстанды нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындады. Бұл өте маңызды шолу мен нышан. Сонымен қатар, елдің тұрақты валюталық қоры, ал теңгенің доллларға байланысты құлауы – бұл тек мұнай өндіруші елдердің тағдыры ғана емес. Осыған қарамастан, теңге Орталық Азияда нақты валютаның бірі болып қала береді. Содан кейін құрылыс және инвестициялар және олар Қазақстанға келіп, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның ОА-да ең тартымды мемлекет екендігін көрсетеді»,-деді Б.Аяған.
Оның айтуы бойынша, экономиканың дамуы, қаланың құрылысы, өсуі, емханалар мен мектептер құрылысы көрнекі байқалады.
«Екіншіден, саяси тұрақтылық. Экономикаларын жақсы құрған бірқатар елдер бар, алайда олардың саяси жүйелері көп жағдайда тұрақсыз болып табылады. Бұл жағдайда, Қазақстанда билікті бөлу арқылы саяси тұрақтылықты аңғардым. Әрине, барлық елдер сияқты біздің де өз проблемаларымыз бар. Мысалы, сыбайлас жемқорлық мәселелерін еңсерген жоқпыз. Ол Япония, АҚШ, Германия елдерінде де байқалады»,-деді сарапшы.
Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, Қазақстанда күрделі конфессиялық құрылым орын алған.
«Күрделі демографиялық және конфессияаралық құрылымға ие бола отырып, Қазақстанда этникалық немесе діни қақтығыстар болуы мүмкін емес. Олар болуы мүмкін, тек жергілікті, өйткені елдің өкілдері осындай жағдай орын алған кездері тез арада әрекет жасайды. Үшіншіден, Қазақстан шекаралық демаркациялау мен делимитациялау мәселеісн табысты шешті. Әлем бойынша шекаралық қақтығыс мәселесімен тұспа-тұс келетін мемлекеттер саны көп. Қазақстанда бұл мәселе шешімін тапқан»,-деді Б. Аяған.
Сөзін қорытындылай келе, сарапшы, дамудың 25 жылдық тәжірибесіне ие бола отрырып, бәскеге қабілетті елдер қатарына кіру бойынша мақсатқа нақты ілесу керектігін айтып өтті.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді