- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда баланы емізудің Ұлттық апталығы өтуде
Қазақстанда баланы емізудің Ұлттық апталығы өтуде
Аталмыш шараның мақсаты – емізу ісін насихаттау, ерте жастағы балалар ауруларының алдын-алу, жүкті және емізетін аналарға қолдау көрсету болып табылады.
Ұлттық апталықтың аясында емізу мәселелерінің артықшылықтарына арналған бірқатар консультативтік шаралар ұйымдастырылып, өткізілмек. Бұл шаралар отбасын жоспарлау, босануға дайындалу, жас ана мектептері мен дені сау бала кабинеттерінде болашақ ұрпақ үшін емізудің маңыздылығы жөнінде семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, дәрістер өткізу болып табылады.
Қазақстанда перинаталдық көмектің тиімділігін арттыру мен жас балалар ауруларын біріктіріп жүргізу бойынша аймақтық оқыту орталықтары құрылғанын атап айту керек. Аталған технологияларды енгізудің нәтижесінде өкпенің қабынуы жағдайы 14%-ға төмендеді, 6 айға дейінгі балаларды тек емізу арқылы тамақтандырумен қамту 84%-ды құрады. ДДСҰ ұсынған балаға қарау стандарттарын енгізу нәтижесінде балалар ауруларын диагностикалау жақсарды.
Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуіне және дамуына, иммунитетін қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті нәрлі қоректермен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі болып табылады.
Бала өмірге келген соң алғашқы алты ай бойы тек емізу керек. Содан кейін қосымша тамақ бере отырып, екі жасқа немесе одан әрі қарай емізуді жалғастыру маңызды. Алайда, емізулі балалардың көбі дұрыс тамақтанбайды, мысалы, әлемде орта есеппен балалардың 38%-ы ғана алты айға дейін емеді.
Ана сүті сенсорлық және когнитивтік дамуға ықпал етеді, нәрестені инфекциялық және созылмалы аурулардан қорғайды. Емізу баланың диарея немесе пневмония секілді аурулардан болатын өлім-жітімін қысқартады және одан жылдам сауығуға ықпал етеді. Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуіне және дамуына қажетті нәрлі қоректермен қамтамасыз етудің таптырмас тәсілі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, емізудің дүниежүзілік Ұлттық апталығы жыл сайын ДДСҰ-ның бастамасымен 1 және 7 тамыз аралығында өтеді. Ана сүтімен тамақтандыру Халықаралық апталығы емізуді сақтау, ынталандыру және қолдау үшін 1990 жылы тамыз айында қабылданған ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің Инночетиялық декларациясына байланысты өткізіледі.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген