• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Рау: Еліміз бойынша 25 000-нан астам дүкенге отандық тауарлар ұсынылды (ВИДЕО)

А.Рау: Еліміз бойынша 25 000-нан астам дүкенге отандық тауарлар ұсынылды (ВИДЕО)

1 Тамыз, 2016 15:34
«Қазақстанда жасалған» брендімен 150 кәсіпорын бірікті, 2 мыңға жуық өнім атаулары бар. Ал, «Қазақстанда жасалған» атауы бар тауарлар еліміз бойынша 25 000-нан астам дүкенге ұсынылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында хабарлады.

«Бүгінгі таңда «Қазақстанда жасалған» брендімен 150 кәсіпорын бірікті, 2 мыңға жуық өнім атаулары бар»,-деп мәлімдеді ол.

А.Раудың айтуынша, отандық тауарлар осы уақытқа дейін еліміз бойынша 25 000-нан астам дүкенге ұсынылып үлгерілді. «Аталмыш қозғалыс қарқынды түрде дамып жатыр және сол жетістігінен төмендеуге тиіс емес»,-деп атап өтті вице-министр.

Атап өту керек, қазақстандық дүкендердің сөрелерінде отандық тауарлар бар-жоғы 30%-ды құрайды. Дегенмен, сарапшы бұдан әрі бұл көрсеткіш арта түсетінін растап отыр. 100% «Қазақстанда жасалған» лейблімен кездесетін отандық тауарлар жиі өтетін ұлттық көрмелер олардың сенімділіктерінің дәлелі. Онда киім  мен маталар, аяқ киім мен ойыншықтар, дәрілер, сонымен қатар, азық-түліктер бар.

Индира Қауметова

Бейне: Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар