• Басты
  • Т.Сұлтанғазиев: «Денсаулық» бағдарламасының негізгі мақсаты- ел халқының денсаулығын жақсарту (БЕЙНЕ)
1 Тамыз, 2016 11:49

Т.Сұлтанғазиев: «Денсаулық» бағдарламасының негізгі мақсаты- ел халқының денсаулығын жақсарту (БЕЙНЕ)

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсарту. Бұл туралы ҚР Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Тимур Сұлтанғазиев Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында айтты.
Т.Сұлтанғазиев: «Денсаулық» бағдарламасының негізгі мақсаты- ел халқының денсаулығын жақсарту (БЕЙНЕ)

«2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі 4 міндеті қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту болып табылады. Яғни, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті біріктіру, алдын алу шараларына назар аудару, инфекциялық ауруларға профилактика жүргізу. Ары қарай, профилактика мен ауруды басқаруды жетілдіру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінетін болады. Біздің емханалар емхана деңгейінде болуы үшін бірінші кезекте халықты толық қамтуда сапалы скринингпен қамтамасыз етілу керек және сапалы медициналық көмек көрсетулері қажет»,-деді сарапшы.

Тиімді басқару мен жүйені қаржыландыруды қамтамасыз еті бағыттары «Денсаулық» бағдарламасының екінші бағыттары болып табылады.

«Аталмыш бағыттарды жүзеге асыру аясында жаңа жүйе енгізу жоспарлануда. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыту жүйесі. Бұл жерде мемелекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершіліктері болады»,-деп атап өтті ол.

Т.Сұлтанғазиевтің айтуынша, келесі бағыт қаржыны тиімді пайдалану мен инфроқұрылымдарды жетілдіру болып табылады.

«Мемлекеттік жекеменшікті жүзеге асыру аясында инфроқұрылымдар мен медициналық ұйымдарда медициналық қызмет жүйелерін жетілдіру, сенім басқармаларын дамыту, жекешелендіру мәселелері бір жақты етіп жүйелеу қажет. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджментті жетілдіру үшін корпоративті басқарманы енгізу жоспарлануда»,-деді ол.

Индира Қауметова

Бейне:Азамат Әлиев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды