• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Қорғаныс министрі Тұңғыш Президент күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

ҚР Қорғаныс министрі Тұңғыш Президент күні қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

29 Қараша, 2013 09:24
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әскери қызметшілер «Ризашылық» қайырымдылық акциясы аясында қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық құралдар жинағын, доптар, бадминтонға арналған жинақтар, шахматтар, теннис ракеткаларын, ал ең кішкентайлар үшін жұмсақ ойыншықтар сыйға тартты», - делінген хабарламада.

Осы күні Балалар үшін әсем әуендер әуелеп, ән мен биге кезек берілді, үлкендер балалармен араласты. Келген қонақтар педагогтармен бірлесіп бараларға мереке ұйымдастырды, олардың шығармашылығымен және тұрмысымен, спорттық және басқа да табыстарымен танысты.

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері барлық әскери гарнизондарда балалар мен білім беру мекемелеріне қолдау мен көмек көрсетеді. Осы жылылыққа толы дәстүр Тұңғыш Президент күні де жалғасын тапты.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар