- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеден бес қаруын асынған сармат кезеңінің сарбаздары табылды (ФОТО)
Ақтөбеден бес қаруын асынған сармат кезеңінің сарбаздары табылды (ФОТО)
Кезекті зерттеулердің бірі –Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан ж.с.д. VI–V ғғ. жататынТөртоба жерлеу-ғұрыптық кешенінде жалғасты.
Бұл кешендегі биылғы атқарылған жұмыстар мен алынған мағлұматтар туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлы қысқаша баяндайды.
Савроматтық жергілікті билік әулеті өкілінің құрметіне салынған Төртоба жерлеу-ғұрыптық кешеніндегі зерттеу жұмыстары 2011 жылдан басталған-ды. Бес жылдық кешенді зерттеулер барысында ескерткіштің айналасынан әр тарихи кезеңнің 7 жерлеу орны мен 2 ғұрыптық рәсімдератқарған нысандар зерттелінді. Ірі архитектуралық ескерткіш саналатын диаметрі 50 м, биіктігі 4,7 м топырақ үйінділі обада құрылыстың салыну кезеңдерін анықтауға байланысты қазба жұмыстарын жүргізу барысында биыл екі жауынгердің тоналмаған жерлеу орны ашылды.
Бұл жерлеулер негізгі ескерткіш тұрғызылғаннан бірнеше жүз жылдан кейін жасалынған. «Ер қуаты – қаруы» дегендей, екі жауынгер ату қаруы – оққа толы қорамсақты садақпен (садақтың тек ізі сақталынған), түйреу қаруы – темір ұшты найзасымен және кесу қаруы – қылыш, қанжарымен бірге жерленген. Оба үйіндісінің ортасындағы негізгі қабір шұңқырының шетіне қойылған үшінші жауынгердің қорамсағынан 184 қола жебелер табылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Білім және ғылым министрлігі: Мұғалім мәртебесі, жалақы, оқулықтар сапасы, ҰБТ, ЖОО лицензиялары -
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды -
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды