- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда электрондық маркалы конверттер пайда болады
Қазақстанда электрондық маркалы конверттер пайда болады
Қосымша қызмет Қазақстан Республикасы бойынша қарапайым хаттарды жеткізудің сапасын жақсарту мақсатында енгізілген, деп хабарлады “Қазпошта” АҚ.
Электрондық маркалы пошталық конверт – бұл үстіне баспаханалық тәсілмен бірегей штрих-код қойылған конверт. Оның көмегімен жөнелтуші хаттың жүріп өту жолын, тіпті хаттың пошта жәшігіне түскенінше қадағалауға мүмкіндік алады. Жеке тұлғалар үшін жөнелтудің құны 100 теңгені құрайды.
Электрондық маркалы пошталық конвертті сату барысында түбіртекте конверттің штрих-кодының нөмірі көрсетіледі, ол арқылы жөнелтуші хаттың трекингін Post.kz.-те қадағалай алады. Хатты көшедегі пошта жәшігіне немесе бөлімшенің жұмыс тәртібін ескере отырып пошталық байланыс бөлімшесінде сала отырып кез-келген уақытта жөнелтуге болады. Хат пошташымен алушының абоненттік пошталық жәшігіне жеткізіледі, содан кейін пошташы жеткізу парағында «Абоненттік жәшікке түсірілді» деген белгі қояды, дәл сондай белгі бағдарламалық қамтамасыз етуде де қойылады.
Электрондық маркалы конверттерде қарапайым хаттарды жөнелту бойынша пилоттық жоба жеке тұлғалар үшін 2015 жылдың қазан айында Астана, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшелерінде іске қосылды. Пилоттық жоба жүргізілген мерзім ішінде барлығы 8000 электрондық маркалы конверт сатылған және жүйе арқылы жүргізілген. Жақын уақытта жаңа қызмет барлық филиалдарда қолжетімді болады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша