- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында ШОБ нысандарында 127 мың адам жұмыс істейді
Жамбыл облысында ШОБ нысандарында 127 мың адам жұмыс істейді
Айталық, бүгінгі күні облыста 59 мың шағын және орта бизнес мекемелері тіркелген. Мұнда 127 мың адам жұмыс істейді. Яғни экономикалық белсенді халықтың 23,5 пайызы.
« «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалы облыс экономикасын әртараптандыру мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» Біріңғай бағдарламасы және жеке жобалары шеңберінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Біріңғай бағдарламаның «Кәсіпкерлер несиесінің пайыздық үстемесін субсидиялау» тетігі бойынша құны 4,9 млрд теңгелік 63 жобаға қолдау көрсетсе, бұл жобалар бойынша төленген субсидияла сомасы 397 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.
Жалпы 2015 жылдың осы кезеңінде субсидиялау бойынша 47 жоба қолдау тапты. Яғни мақұлданған жобалар 34%-ға өсті. Кепілдендіру бойынша 23 жоба мақұлданды. Несие қоржыны 405 млн теңге болса, оның ішінде кепілдендіру құны - 194 млн теңге.
Салалар бойынша қолдау тапқан жобалар негізінен «Өңдеу өнеркәсібінде» 35%, «Көлік және қоймада сақтау саласы» 20 %, «Қонақ үй және тамақтандыру бойынша қызметтер» 12%, «Денсаулық» және «Көтерме сауда» салары 7 %, қалған салар 30% құраған.
Ең белсенді банктер: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Жинақтаушы банк» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ және «Евразия Банкі» АҚ.
Облыс тұрғындарына бей қаржыландыру жобалары бойынша аймақтық филиалдың негізінде жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жүзеге асырады. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында орталық арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламалары, бухгалтерлік және салық есептері, заң ережелері, бизнес-жоспар жазу бағыттары бойынша 6 мыңнан астам адам кеңес алды. Сонымен қатар, ай сайын облыстың шалғай жатқан аудандарына Кәсіпкерлеге қызмет көрсету мобильдік орталығы барып отырады. Көрсетілген мерзім ішінде аудандарда 243 тұрғынға кеңес берілген.
Кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір тиімді әдісі - кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуге бағытталған оқу бағдарламалары. «Даму» қоры осы бағыт бойынша 3 негізгі жобаны жүзеге асырады. Олар: «Шағын-орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы. Бұл жоба бойынша 6 мекеме басшысы білімін жетілдірді. «Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасы бойынша жұмысын жаңадан бастауға ынталы 65 азамат оқудан өтті. Ал «Студенттердің кәсіпкерлік бастамалардын қолдау» жобасы бойынша облыстың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 60 студенті дәріс алды.
Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жеке «Даму-Көмек» жобасы бойынша 8 кәсіпкер қолдау алды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы