- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК-те трансшекаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің тең тәртіптері талқыланды
ЕЭК-те трансшекаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің тең тәртіптері талқыланды
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 шілдеде Еуразиялық экономикалық кеңесте Еуразиялық экономикалық комиссияның сатып алулары бойынша мемлекеттік және монополияға қарсы және бәсекелестікті реттеудің консультативтік комиссияны реттейтін бәсекелестік пен монополияға қарсы комитет жанындағы отырыс Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу Коллегия министрі Нұрлан Алдабергеновтың төрағалығымен өтті.
Еуразиялық экономикалық комиссияға Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанның тарнсшекаралық нарықтар аймағындағы бәсекелестіктің ортақ тәртіптерінің қадағалауына бақылау жүргізу құзыреті тапсырылды.
Бұл құзырет аясында Комиссия техника нарығы мен тау-кен өндірісі саласындағы трансшекаралық сараптамасын өткізіп жатыр. Қорытындысында беогілі болғандай, көрсетілген техниканың негізгі қолданушылары ірі өндірушілер, құрылыс және өндіруші компаниялар, оның ішінде Caterpillar компаниясы – ірі арнайы техниканы өндіретін мекеме, оның штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан.
Отырыста барысында трансшекаралық нарықтарда бірдей бәсекелестікті сақтау, бәсекелестікке қарсы келісім мен экономикалық қызметті үйлестіру, шаруашылық субъектілерінің мәселелері талқыланды.Астық саласындағы бәсекелестік ерекше назарға алынды, ЕАЭО негізінде жеке меншіктегі тауарға трансшекаралық нарықта сауда тиым салынған.Шара аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ЕЭК мен Корея Республикасы арасында электрондық мемлекеттік сатып алулар саласында келісім орнатылды.
«Отырыста сондай-ақ, өзекті мәселелер: ЕАЭО елдерінің халықаралық ұялы байланыс саласындағы заңнаманы үйлестіру және кедергілерді жою; тау-кен өнеркәсібі, фармацевтикалық өнім және басқа да пайдаланылатын автокөлік, арнайы техниканың трансшекаралық нарықтарындағы дистрибьюторлық және делдалдық келісімдер жасау кезінде бәсекеге қарсы практикаларды бұлтартпау және ескертудің тиімді әдістері; бәсекеге қарсы келісімдермен (картельдермен) күрес; сондай-ақ ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік жағдайы», - деп мәлімдеді ЕЭК-те.
Бұдан өзге, кеңесте трансшекаралық нарықтарындағы дистрибьюторлық және делдалдық келісімдер жасау кезіндегі бәсекеге қарсы практикалар мәселелері талқыланды. Нәтижесінже ЕЭК бірлескен жұмысы қажеттігін, ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарын, монопоиялға қарсы практикаларды өз еркімен жоюды ынталандыруды және автокөлік, фармацевтикалық нарықтардың, сондай-ақ ЕАЭО-тағы сауда желілері қатысушыларының адал әрекеті кодекстерін енгізуді қоса алғанда бәсекеге қарсы практикаларды ескерту, анықтау және бұлтартпауға бағытталған шаралар әзірлеу туралы шешім қабылданды.
«Бақылауға берілген құзыреттіліктің аясында әлемдік компаниялардың ірі көшбасшыларының бірі Еуразиялық экономикалық комиссиямен ЕАЭО аймағындағы келісімдік тәжірибесін өткізді. Ол келісімді Еуропалық одақтағы тәртіптерге сәйкестендірді. Бұл нарыққа қатысушылар үшін белгі болуы керек, олар бәсекелестікті дамыту үшін ЕАЭО аясындағы ортақ тәртіптеріді ұстанулары тиіс», - деді Нұрлан Алдабергенов.
Caterpillar компаниясы мен оның диллерлері ЕАЭО аймағында бірдей тәртіп пен ЕАЭО аймағында бәсекелестікті әділ өткізу бойынша нарыққа қатысушы елдер мен компания диллерлері үшін бірлескен үндеу жасады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне не себеп -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар