• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан «IGEM» «жасыл» технологиясы бойынша Малайзияда өтетін Халықаралық көрмеге қатысады

Қазақстан «IGEM» «жасыл» технологиясы бойынша Малайзияда өтетін Халықаралық көрмеге қатысады

1 Тамыз, 2016 08:56
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшісі Данияр Сарекенов «Green Tech» малайзиялық корпорацияның бас атқарушы директоры Адри Хариспен кездесті. Бұл корпорация Астанадағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Малайзияның қатысуына дайындық жұмыстарын жүрнізетін құзыретті орган болып табылады. Сонымен қатар, «жасыл экономикаға» көшуде Ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жетекші елдердің бірі болып есептеледі.

Әңгімелесу барысында тараптар 2016 жылдың 5-8 қазан күндері Куала-Лумпурда өтетін «IGEM» «жасыл» технологиясы бойынша Халықаралық көрмеге қазақстандық тараптың қатысу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ.

Аталмыш шараға 30 мыңнан астам адам қатысады, деп күтілуде. «IGEM» биыл «Тұрақты даму үшін жасыл бизнес» тақырыбында өтеді. Ондағы мақсаттардың бірі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін таныстыру және оған әлеуетті қатысушыларды тарту болып табылады. Қазақстандық тарапқа экспозициякөрме алаңын тегін пайдалану мүмкіндігін жасады.

Кездесу қортындысы бойынша Қазақстанның «IGEM» көрмсесіне қатысуы Оңтүстік-Шығыс Азияға «ЭКСПО-2017» көрмесін танымла етуде жақсы платформа болатынына сенім білдірілді. 

Барлық жаңалықтар