• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қолжетімді баспана 2020: ОҚО-да 96 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Қолжетімді баспана 2020: ОҚО-да 96 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

30 Шілде, 2016 13:46
Түлкібас «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан 96 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Өткен жылы құрылысы басталған көп қабатты үйдің бірі 32 пәтерлі болса, екіншісі 64 пәтерлі тұрғын үй. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталатын үйлердің пәтер кілті кезекте тұрған азаматтарға ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай табысталады деп жоспарлануда.

Аталған жерге бүгінде ауыз су, жарық, көгілдір отын мен кәріз жолдары тартылуда. Айта кетейік, тұрғын үй кезегінде  көп балалы жанұялар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жандар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жас отбасылар бар.

Сонымен қатар,  келер жылы  Түлкібас ауданында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ.

Барлық жаңалықтар