- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары екі есе азайды
Ақтөбе облысында тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары екі есе азайды
Ақтөбе облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Әлік Шпекбаев баяндама жасады.
Өз баяндамасында Әлік Шпекбаев "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның новеллаларымен таныстырды, соның ішінде сыйлықтар алуға қатысты заңнама нормаларына тоқтап өтті. Мемлекеттік қызметкерлерге қандай түрде болмасын сыйлық алуға мүлдем тыйым салынған.
Мемлекеттік қызметкерлердің Этика кодексінде көзделген моральды-этикалық қағидаларды мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кеңес барысында әкімдік басқармалары мен ведомстволық кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері қозғалды.
Айта кету керек, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда, Ақтөбе облысында тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстары саны екі есеге (47 қылмысқа дейін) азайды. Сыбайлас жемқорлық элементтері бар қылмыстық заңбұзушылықтардың жалпы санынан 18-і жергілікті атқару органдарының үлесінде.
Құқықтық статистика мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым жақын болып шықты, онда 14 қылмыс тіркелген. Содан кейін құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 3 қылмыс тіркелген, жер қатынастары төңірегінде 2 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған.
Өңірде кең тараған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ішінде қызметтік жалғандық жасау, қызмет бабын асыра пайдалану, ұрлық кең тараған.
Ұлттық сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы төрағасының орынбасары сондай-ақ жергілікті атқару органдары басшыларының ғана емес, мемлекеттік топ-менеджерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы да айтып берді.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың новеллалары мен осы жылы енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктер таныстырылды. Олардың қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдер сараптамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары, шектеулер мен стандарттар туралы сөз болды.
Әлік Шпекбаев мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы реформалардың сыбайлас жемқорлықты азайтудың кепілі екенін атап өтті. Осыған орай электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласын, соның ішінде электронды және мобильді үкімет, сонымен қатар "Үкімет азаматтар үшін" Мемлекеттік корпорациясы туралы кеңірек насихаттау жөнінде ұсыныстар айтылды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері