- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық зауыт халықаралық сайысты полигондық жабдықпен қамтамасыз етуде
Қазақстандық зауыт халықаралық сайысты полигондық жабдықпен қамтамасыз етуде
Жаңа жабдық Қазақстанда өтетін Арми-2016 жарысының «Мерген шебі» және «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауларын қамтамасыз ететін болады. Роталық тактикалық жиынтық «Гвардейск» полигонына жеткізіліп те қойылды. Ол тәуліктің күндізгі және түнгі уақытында жауынгерлік бөлімшелердің оқу атыстарын ұйымдастыру үшін арналған. Жабдық қытымыр климаттық жағдайларда, яки, үскірік аяз бен аптап ыстықта жұмысты қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне арналған әртүрлі полигондық жабдықты жеткізуді жүзеге асырып келе жатқан бірден-бір отандық өндіруші болып табылады. Жабдық кез келген уақытта жеке құрамның жауынгерлік даярлық тапсырмасын орындауға мүмкіндік беретін ұтқыр, берік, жеңіл орнатылады әрі пайдалануда ыңғайлы.
Қазіргі уақытта «Гвардейск» полигонына армия ойындары екі байқауының қатысушылары, яғни, Қазақстан, Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғыз Республикасы, Қытай, Моңғолия, Ресей және Грекияның үздік артиллерияшылары мен мергендері келгенін естеріңізге сала кетейік. Жарыс 2 тамызда басталады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты