- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ бизнесті трансформациялауды жүзеге асыруға кірісті
ҚТЖ бизнесті трансформациялауды жүзеге асыруға кірісті
Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Компания қазіргі таңда бағдарламаның 3-ші кезеңін бастады.
«Бұл Трансформациялау бағдарламасының шешуші кезеңі. Бұл ен «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбеккерлері мен бизнесті трансформациялау командасының екі жыл ішінде атқарған жұмысының қорытындысы болып табылады»,- деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Еркін Жусанбаев.
2015 жыл мен 2016 жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық даму бағдарламасына байланысты ПӘК (пайдалы әсер коэффициенті) және ИТ- архитектурасы, стратегиялық маңызды көрсеткіштер үдерісі бекітілді.
Осы нақты жобалардың көрсеткіштерінің нәтижесі Компания өндірісіне енгізіліп, оны алдағы үш жылда жұзеге асыру көзделеді.
Жобаны жүзеге асыру жолындағы өзгерістерді енгізу кезең-кезеңімен басталады. Биылғы шілде айында Жүк тасымалы компаниясы жасақталды. 2017 жылдың соңына дейін Инфрақұрылым жөніндегі Ұлттық оператор құру жұмысы аяқталады.
Келесі кезеңде Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық дамуын табысты жүзеге асыруға және компания қызметінің тиімділігін арттырып, тапсырыс берушілердің сұранысын жоғары дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік әпереді.
Е. Жусанбаевтың айтуынша,негізгі жүйесінің түбегейлі өзгеруі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-не қызмет көрсетудің ғаламдық моделіне көшуіне ықпал етіп, Компанияның табысының өсуіне жағдай жасайды»
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының менеджері Талғат Иманов жобаның портфелін ұсынды.
Бағдарламаны жүзеге асыру тобы мен жоба жетекшілері өздерінің атқарған жұмыстары мен алдында тұрған міндеттерін, мақсатын, мерзімін, негізгі атқарылатын шараларды баяндады.
Е. Жусанбаев Бизнесті трансформациялау бағдарламасының «ҚТЖ» ҰК» АҚ Стратегиялық дамуын табысты жүзеге асыруға және компания қызметінің тиімділігін арттырып, тапсырыс берушілердің сұранысын жоғары дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік әперетіндігіне сенімді. Ақпараттық күнге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес компаниялары, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары