• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

29 Шілде, 2016 18:37
Облыс әкімі Болат Бақауов бастаған Павлодар облысының ресми делегациясы ОҚО-ға барды. Делегацияның бұл сапары Елбасы Н. Назарбаевтың аймақаралық кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Кездесу барысында жергілікті тауар өндірушілердің өнімін өткізу нарығын дамыту, кеңейту және жергілікті өндіріс үлесін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық салаларда ынтымақтастық туралы өзара тиімді меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Ресми сапар барысында «Оңтүстік» индустриялық аймағына және «Оңтүстік» кәсіпорнының экономикалық аймағына бару жоспарланып отыр. Павлодарлық делегация, сондай-ақ Шымкент қаласының сауда-логистикалық орталығында жүзеге асырылып отырған жобалармен танысады және облыстың ірі сауда орталықтары мен базарларын аралайды.

Делегация құрамына Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері және аймағымыздың ауылшаруашылығы және өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары енді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар