- Басты
- Жаңалықтар
- Бір ай бойы Астананың қоғамдық кеңесі азаматтарға арналған қабылдау жүргізеді
Бір ай бойы Астананың қоғамдық кеңесі азаматтарға арналған қабылдау жүргізеді
29 Шілде, 2016 13:31
Бір ай бойы азаматтарға арналған қабылдау ашу жоспарлануда, олар шарада көкейлерінде жүрген сұрақтарды қоя алады, деді Астана Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов әкімдікте өткен отырыста.
«Қалалық мәслихат сайтында «Қоғамдық кеңес» деген қосымша бар, азаматтар сайтқа жүгініп өз ұсыныстары мен пікірлерін қалдыра алады. Сондай-ақ, сұрақтарды жазбаша түрде беруге болады», - деді С.Есілов.
Оған қоса, ұйым төрағасы айтып өткендей, қазіргі таңда елорда әкімдігімен қоғамдық қабылдау бойынша келіссөздер жүргізілуде.
«Мен қала әкімдігімен келіссөз жүргізіп жатырмын,олардан кішігірім орын сұрап отырмыз. Бір ай ішінде бұл мәселені шешеміз. Қабылдау кестесін бекітіп, оны халыққа жеткіземіз», - деді ол.
Сондай-ақ, төраға еске салғандай, қоғамдық кеңестер туралы заңға сәйкес жылына екі рет халыққа есеп беру қарастырылған.
Ботагөз Айтжанова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды