- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев жылыту маусымына дайындық мәселелері жөнінде жиын өткізді
Б.Сағынтаев жылыту маусымына дайындық мәселелері жөнінде жиын өткізді
Нысандарды 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестелерге сәйкес жүзеге асырылуда. 2 энергоблокты, 16 қазандықты және 12 турбинаны жөндеу аяқталды. Жылумен қамтамасыз ету желілерінің әзірлігі 54%, электрмен жабдықтау – 55%, білім беру нысандары - 65%, денсаулық сақтау нысандары – 64%, тұрғын үйлер – 46% құрайды, деп хабарлады pm.kz.
Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қазандықтарды дайындау бойынша жұмыстардың төмен қарқындары Алматы облысында (32%), жылу желілері бойынша – Оңтүстік Қазақстан облысында (40%), білім беру нысандары бойынша – Алматыда (29%) байқалуда.
Қуаты 100Гкал/сағ дейінгі жылу көздерінде отынға сұраныс алдағы жылу беру маусымына 1 953 мың тонна көмірді және 196 мың тонна мазутты құрайды. Оған қоса, 525 мың тонна көмір және 79 мың тонна мазут дайындалып қойылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев энергетика, ұлттық экономика, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне нысандарды алдағы жылу беру маусымына дайындау барысын тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыруды тапсырды.
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне барлық жөндеу науқандарын толық орындау, коммуналдық сектор мен әлеуметтік сала нысандарының жылу беру маусымына уақытылы дайындау, әкімдердің орынбасарларына жеке жауапкершілік арту, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызды төмендету және ағымдағы қарыздың артуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр