ИИДМБ: Алматыда отандық лифттердің өндірісін іске қосады

29 Шілде, 2016 14:51
«Алматылифт» ЖШС лифттерді өндіруді іске қосу Алматы қ. кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылады.

Қала әкімдігінде хабарлағандай, бүгінгі күні Алматыда шетелдің лифттері пайдалануға беріледі,  олардың көбісі Қытайдан, Ресей мен Беларусиядан келген.

Аймақтық үйлестіру кеңесі барысында 164 жұмыс орнын құратын 1,1 млрд теңгенің 3 жобасы мақұлданды. Осылайша, Индусриаландыру картасына енген жобалардың жалпы саны 70 болды және шашамен 11  000 жұмыс орнын құрады.

Айта кетейік, ИИДМБ-нің бірінші бесжылдығымен салыстырғанда, жобалардың саны 3 есеге ұлғайды, ал құрылған жұмыс орындарының саны – 3,5 есеге. 60 пайыздан астам жоба өз қаражаттарына іске асырылуда, олардың ширегі шетелдік инвестициямен іске асырылады. 

Барлық жаңалықтар