- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның Созақ ауданында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары мерзімінен бұрын орындалды
ОҚО-ның Созақ ауданында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары мерзімінен бұрын орындалды
29 Шілде, 2016 10:38
Созақ ауданында үшжақты келісімде көрсетілгендей, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары толықтай орындалды. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әубәкір Сахиұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында хабарлады.
Мәселен, 2016 жылдың соңына дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1500 бас мүйізді ірі қара малын асылдандыру көзделсе, жыл басынан бері жеті айда асылдандырылған ірі қара басы 1538-ге жетіп, меже 102 пайызға орындалып отыр. Сол сияқты, «Алтын асық» бағдарламасының тапсырмасы бойынша 2000 басқа жеткізу жоспары, 230 басқа артық шығып, 111% орындалды. Ал, мемлекеттік «Құлан» бағдарламасы 300 бас болып бекітілсе, қазіргі таңда пайыздық меже 101% құрап отыр.
Бір жылға межеленген жоспарды жеті айда орындап үлгерген Теріскейдің ауыл шаруашылығы мамандары жұмыстар мұнымен тоқтамайды дейді. Мал басын асылдандырамен деп ниет еткен шаруалармен жұмыстар одан әрі жүргізіле бермек.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева -
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды -
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды -
«Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларының жүзеге асырылуы: жыл соңына дейін кімдер үй алады -
Жұмыспен қамту шаралары: Жаңа жұмыс орындарының құрылуы/ «Еңбек», «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларының іске асуы -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
2020 жылдың 6 айында ел жолдарындағы құрылыс жұмыстарының шамамен 30% орындалды -
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады