- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери қызметшілер «Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін сайысқа түсті
Әскери қызметшілер «Достастық жауынгері» байқауына қатысу үшін сайысқа түсті
Команданы іріктеу және дайындау үш кезеңде өтуде. Ең алдымен өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің ауқымында өткізілген байқау жеңімпаздары арасынан төрт адамнан 3 команданы таңдайды. Іріктеуден өткен үміткерлер бір ай бойы байқау бағдарламасы бойынша практикалық дайындықтан өтеді. Шешуші іріктеуден кейін бір ғана команда қалады. Сол команда «Достастық жауынгері» байқауында өнер көрсетеді.
Конкурс 2016 жылғы қыркүйектің 4-і мен 10-ы аралығында Ресейдегі Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтеді. «Достастық жауынгері» – сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің сайысы. Жарыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері – ол әскери қызметшілердің дене даярлығының деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке құрамның жеңіске деген талпынысын, жоғары физикалық жүктемелер мен жүйке-психикалық шиеленіске төтеп беру қабілеттілігін ояту, әскери қызметшілерді жоғары кәсіби және мемлекеттік даярлыққа ынталандыру болып табылады.
Дәстүрлі түрде байқау бес кезеңнен тұрады. Онда қатысушылар өздерінің физикалық күштері мен ептіліктерін, кәсіби шеберліктерін, оқ ату даярлықтарын, сондай-ақ, әскери тарихты білу және шығармашылық дарындылықтарын көрсетуі тиіс.
Былтырғы жылы «Достастық жауынгері» Қазақстанда өткен болатын. Ол кезде қазақстандық әскери қызметшілер Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның командаларынан оза шапты. Байқаудың абсолютті жеңімпаздары атанып, барлық аталымдарда бірінші орынды иеленді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды