- Басты
- Жаңалықтар
- ҚДБ мен «АЛМЭКС» тобы жобаларды қаржыландыру мен шетелдік инвестиция тартуды бірге іске асырмақ
ҚДБ мен «АЛМЭКС» тобы жобаларды қаржыландыру мен шетелдік инвестиция тартуды бірге іске асырмақ
Келісім шартқа ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен «АЛМЭКС» басқарма төрағасы Мәжит Есенбаев қол қойды.
ҚДБ серіктес ретінде «АЛМЭКС»-пен де, «АЛМЭКС Жоба» ЖШС, «Almex-Baiterek Fund» (тікелей инвестициялар қоры, оның инвесторлары «Бәйтерек» АҚ еншілес компаниясы – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен «АЛМЭКС Жоба» ЖШС) ЖШС сынды холдингтік топтағы аффилирленген компаниялармен де бірге жұмыс істемек.
«ҚДБ өзінің қызметінің құбылуына байланысты қаржылық тәсілдер бағытын кеңейтпек. Өйткені, бұлай істеу клиенттердің бүгінгі сұранысына жауап береді. ҚДБ мен елдегі ірі жекеменшік қаржы холдингімен серіктес болу ұзақ мерзімді капиталды несиеге беруге мүмкіндік тудырады. «АЛМЭКС»-тің ҚДБ-дағы үлескерлік қаржылық салымдарының арқасында осылай етуге мүмкіндік бар. Ол қаржы экономиканың шикізаттық емес саласын дамытуға жұмсалады. Өңдеу саласындағы мол капиталды талап ететін жобаларға салынады. Оның ішінде азық-түлік саласы да бар», – деп түсіндірді ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
«АЛМЭКС» басқарма төрағасы ҚДБ әлеуетін жоғары бағалады. «Мемлекет пен жекеменшік серіктестіктің ірі жобаларға инвестиция құятын, жобаның сараптамалық тәсілдерін терең меңгерген, тиімді мониторинг жасай білетін ҚДБ сынды ірі деңгейдегі қаржылық институтпен бірлесу, ел экономикасының түрлі салалары мен секторларындағы жобаларға қан жүгіртетіні анық», – дейді Мәжит Есенбаев. Оның пікірінше, «бұл тәжірибе экономиканың белгілі бір саласына инвестиция құйғысы келетін жеке қаржылық институттарға жақсы үлгі болмақ».
Екі жақ бірлескен жұмыс тобын құруға келісті. Ол топ ортақ жобаларды іздестіріп, тауып, қалай қаржыландыру керек деген мәселелерді реттейтін болады. Бұл жобаларға тікелей инвестиция мен несие бөлінеді және серіктестіктің жұмыс нәтижесіне мониторинг жасалады.
Айта кетейік, «АЛМЭКС» – қаржылық нарықта инвестициялық қызметті жүзеге асыратын, банктік қызметін қоса орындайтын, «Қазақстанның Халықтық банкі» АҚ еншілес компаниясы және «Сақтандыру брокері Қазақстан» АҚ арқылы Қазақстан, Ресей, Қырғызстан елдеріне ұжымдық және жекелей қызмет көрсететін қаржылық холдинг.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес әрі құрылымдық секторларын дамыту және жаңғырту жөніндегі Ұлттық даму институты. Ол 2001 жылы құрылған. ҚДБ «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдинг» АҚ құрылымына кіреді. Негізгі қызмет бағыты: өндірістік құрылымдар мен өңдеу өндірісін дамыту, ел экономикасына іштен және сырттан инвестиция тарту. ҚДБ ел ішіндегі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламалардың ең ірі инвестициялық операторларының бірі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды