• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында жарты жыл ішінде 221 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қызылорда облысында жарты жыл ішінде 221 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

28 Шілде, 2016 19:32
Осы жылдың бірінші жартысында Қызылорда облысы бойынша жалпы алаңы 221801 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Тұрғын үй құрылысына 12613 млн. теңге салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 21,5 %-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі Арал (16,9%-ға), Жалағаш (12,5%-ға), Шиелі (8,9%-ға), Сырдария (3,2%-ға), Қазалы (2,6%-ға), Жаңақорған (1,5%-ға), Қармақшы (0,3%-ға)   аудандарында байқалды. 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (65,8%) тиесілі.

 

Барлық жаңалықтар