- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды
Қазақстанда Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күресу күніне арналған айлық басталды
Медициналық-санитарлық көмектің алғашқы ұйымдарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда азаматтар инфекционист, гастроэнтеролог, гепатолог мамандардың вирусты гепатиттың алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша тегін консультациялар алып, скринингтік тексерулерден өте алады.
Шараны өткізудің мақсаты: қоғамның назарын аурудың алдын алу, скринингке, вирустық гепатитпен және онымен байланысты аурулармен күресуді күшейту мәселелеріне аудару.
Вирусты гепатит – бауырдың қабынбалы инфекциялық ауруы. A, B, C, D және E вирустарының салдарынан әлемнің жүздеген миллион адамдары жіті және созылмалы бауыр ауруынан зардап шегуде, әсіресе В және С гепатитінен жылына 1,4 миллион адам өлім-жітімге ұшырайды.
Әдетте А және Е гепатитіне шалдығудың себебі таза емес тағам мен суды тұтынудың салдарынан болады. В, С және D гепатиті ағзаның жұқпалы сұйықтығымен байланыс нәтижесінде жұғады. Осы вирустардың берілуінің кең тараған тәсілдерінің қатарына вирус жұққан қан немесе қанның өнімін құю, лас құрал-жабдықтарды қолдану арқылы инвазивтік медициналық шаралары кіреді. В гепатиті сондай-ақ босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, жыныстық қатынас кезінде жұғады.
Бұл аурудың кең таралуы, сонымен қатар науқасты диагностикалау мен емдеудің қиындықтары ескеріліп, бүгінгі таңда профилактикалық шаралар жүргізу және адамның өзінің денсаулығына деген ортақ жауапкершілігі үлкен рөл атқарады. Жеке басты қорғау шараларын сақтау маңызды. Олар: қауіпсіз тағам мен суды пайдалану; инъекция алу үшін бір реттік инелер мен шпирицтерді пайдалану; қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттау; косметикалық шараларды (татуировка, пирсинг және т.б.) лицензиясы бар арнайы мекемелерде жасату; балаларды Ұлттық егу күнтізбесі бойынша В гепатитіне қарсы егу.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады