Жарты жылда Қазақстанда 4 мыңға жуық автокөлік шығарылған

28 Шілде, 2016 17:14
Жарты жылда Қазақстан территориясында жүк көліктерін, жеңіл автокөлік пен автобустарды қосқанда 36,6 млрд теңге сомасындағы 3 мың 772 бірлік автокөлік шығарылды, деп хабарлады « «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындар Одағының» басқарма төрағасы Олег Алферов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Екінші тоқсанның қортындысы бойынша отандық автопром қызметінің көрсеткішіне қарағанда Қазақстан автокөлік өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысы жоғары деңгейге көтерілгенін аңғартады. 2016 жылдың 6 айында республика территориясында жүк көліктерін, жеңіл автокөлік пен автобустарды қосқанда 36,6 млрд теңге сомасындағы 3 мың 772 бірлік автокөлік шығарылды»,-деді О.Алферов.

Оның айтуынша, егер 2016 жылдың қаңтар айында отандық кәсіпорындардың шығару мөлшері 404 бірліктен асса, маусым айының қортындысы 1 мың 136 автөкөлік құралдары деңгейіне жеткен.

«2016 жылдың маусым айында жеңіл автокөліктер сегментінде өнім 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артты немесе 933 бірлікті құрады. Жүк көліктерін шығаруда да 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 16,6%-ға артты немесе 717 бірлікті құрады»,-деп атап өтті О.Алферов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар