- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 3,4 пайызға инвестициялар көлемі өсті
Жамбыл облысында 3,4 пайызға инвестициялар көлемі өсті
28 Шілде, 2016 19:06
Жамбыл облысында негізгі капиталған құйылған инвестиция көлемі 96,9 млрд теңгені құрады, ол 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,4 пайызға артық, деп хабарлады өңірдің әкімдігі.
Өсім Қытайға шығатын транзиттік магистралды газ құбырының құрылысына инвестиция тарту есебінен пайда болды. Қаратауда минералдық тыңайтқыштар өндіретін химиялық зауыт құрылысы да бар.
Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 141,9 мың шаршы метрді құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 19,7 пайызға үлкен. Үш үйдің құрылысына жергілікті бюджеттен 823,6 млн теңге бөлінді.
Өңірде өндірістік өнім көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға көп. Тау кен өңдеу өнеркәсібінің өнімі карьер дайындауда 3 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 10,7 пайызға көбейді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда