- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Дүйсенова: МӘМС жүйесін енгізу ҚР денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды тұрақтандырады
Т.Дүйсенова: МӘМС жүйесін енгізу ҚР денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды тұрақтандырады
Олар өз кезегіндеМӘМС-тің негізгі қағидалары жөнінде аудан, қала әкімдері, аймақтық мемлекеттік органдардың басшыларына мәлімет береді. Әрі қарай ақпарат ел азаматтарына таратылады. Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Аймақ, аудан, ауыл» қағидасы бойынша халық арасында өткізілетін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының екінші кезеңі басталды.
Отырыста сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова МӘМС-ті енгізу – дамыған елдердің тәжірибесі бойынша ҚР денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығы жүйесін, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруды ұлғайтуға бағытталатынын, сонымен бірге, мемлекет пен азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы тең дәрежедегі жауапкершілігін қамтамасыз ететінін атап айтты. Сондай-ақ, МӘМС жаңа технологияларды енгізуге ықпал етіп, медициналық қызметтерді ұсынушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру есебінен медициналық қызметтің сапасын көтеруге, медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен жалақысын арттыруға көмектеседі.
Вице-министр Елжан Біртанов әкімдердің орынбасарларына атқарылатын қызметтерді ҚР ДСӘДМ, жергілікті атқарушы органдар және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (әрі қарай - ӘМСҚ) арасында бөлу қағидасы туралы айтып берді.
МӘМС жүйесінде министрлік денсаулық сақтауды қорғау саласындағы саясатты әзірлейді; медициналық қызметтегі басымдықтар мен қажеттіліктерді, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) мен МӘМС пакетін анықтайды, МӘМС пен ТМККК аясында көрсетілетін медициналық көмектің тарифін бекітеді; денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды ұстану шараларына мемлекеттік бақылау жасайды.
«Жергілікті атқарушы органдарға барлық азаматтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту мен аймақтағы медициналық қызмет көрсетушілердің тиімділігін арттыру, өңірдегі медициналық көмекті денсаулық сақтау ұйымдарының желісі арқылы көрсету, медициналық қызметтің қажетті көлемін жоспарлауға қатысу, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстарды дамытуды қамтамасыз ету қызметтері жүктеледі. Әкімдіктер Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаменттерімен бірлесе отырып, медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялауға қатысатын болады», - деп хабарлады Елжан Біртанов.
ӘМСҚ МӘМС-ке төленетін жарналарды жинайды, ҚР Ұлттық банкі арқылы қор құрып, бос ақшаны қаражат құралдарына салады; МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек шығынын жоспарлайды; халықтың қажеттілігі бойынша медициналық қызметтерді сатып алады; медициналық көмек көрсету құрылымының тиімділігі мен оны оңтайландыруға ықпалдасады; медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың (жеткізушілердің) медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша келісілген міндеттемелерді орындауына бақылау жасайды.
Өз кезегінде, Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті аудандық медицина ұйымдарын МӘМС жүйесіне дайындығын қамтамасыз ету, ауруханалар мен емханалар ӘМСҚ медициналық қызмет берушілерді таңдағанда минимальды стандарттарға сай болу керектігін атап өтті.
Бұрындары хабарланғандай, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 9 маусымы мен 28 шілдесі аралығында еліміздің барлық медициналық қызметкерлері үшін өткізілген болатын. Аталған кезеңде құрамында денсаулық сақтау саласының белді қайраткерлері, ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аймақтық департаменттерінің, аймақтардағы, Астана, Алматы қалаларындағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары бар арнайы мобильдік топтар республиканың медициналық қызметкерлері үшін 400-ден астам кездесулер мен семинарлар өткізді. Жалпы алғанда 38,3 мыңнан астам медициналық қызметкерлер, оның ішінде 957 медициналық ұйымның 3445 басшысы қамтылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған