• Басты
  • «Startup «Bolashak» байқауы Қазақстанда «жасыл экономика» бойынша бағдарламаларды іске асыруға көмектеседі
28 Шілде, 2016 13:53

«Startup «Bolashak» байқауы Қазақстанда «жасыл экономика» бойынша бағдарламаларды іске асыруға көмектеседі

«Startup «Bolashak» байқауы Қазақстанда «жасыл экономика» бойынша бағдарламаларды іске асыруға көмектеседі, деп Қазақстандағы Еуропа Одағы Өкілдігінің Басшысы Траян Христеа ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Startup «Bolashak» байқауы Қазақстанда «жасыл экономика» бойынша бағдарламаларды іске асыруға көмектеседі | Strategy2050.kz

«Біз Қазақстанның басқа алдыңғы елдермен «жасыл экномиканы» дамытуға және Еуропа одағының тәжірибесіне бағыт алғанына қуанамыз. Соңғы бірнеше жылда «жасыл экономика» жанында экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін көрсете білді. Онымен бірге, Осындай модельде шағын және орта бизнес негізгі рөлді ойнайды. Еуропа Одағы мен БҰҰ Даму бағдарламасының біріккен жобасы Қазақстанның қолдауымен «жасыл экономикаға» көшуінде «Startup «Bolashak» байқауы аясында «жасыл стартап» номинациясын жариялайды. 15 млн теңгенің гранты «жасыл стартаптың» үздік бизнес-идеясына бөлінеді»,-деді Т. Христеа.

Оның айтуы бойынша, шағын және орта бизнес экономиканың қаңқасы болып табылады. ШОБ және кәсіпкерлік экономикалық дамуды қамтамсыз ету үшін, инновацияны жұмылдыруға, жұмыс орындарын құру мен әлеуметтік интеграцияны өсіруде түйінді фактор ретінде қарастырылады.

«Сол себепті біз жас кәсіпкерлерді бизнес-идеяға шақырамыз. Мен көп инновациялық және жоғары бәсекеге қабілетті бизнес-идеялар болатындығына және жеңімпаздарды анықтау оңайға түспейтіндігіне сенімдімін. Бұл біздің ортақ жобамызға кіріс әкелетін жобалар болады, сонымен қатар, біз, энергия тиімділігіне байланысты жобаларда күтеміз»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды