- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жалпы жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын «Startup «Bolashak» байқауының II маусымы басталуда
Қазақстанда жалпы жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын «Startup «Bolashak» байқауының II маусымы басталуда
«Бүгін біз «Startup «Bolashak» байқауының екінші маусымын бастаймыз. Байқау Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыруда ықпал етуге бағытталған. «Startup «Bolashak» бүгіндері орындалатын және бизнес саласында жастардың бастамасын іске асыратын оңтайлы құрал»,-деді Қ. Түлеушин.
«Startup «Bolashak» байқауының жалпы жүлде қоры 30 млн теңгені құрайды.
«бірінші орын- 7 млн теңге, екінші орын – 6 млн теңге, үшінші орын – 5 млн теңге. Сонымен қатар, стартапта «жасыл экономика» Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы саласында 15млн теңге түрінде грант бөлінген. Бұл эобаның жеке санаты болады»,-деді ол.
Байқауға жастар 18-ден 29 аралығындағы Қазақстанның барлық жастары қатыса алады.
««Startup «Bolashak» байқауында жеңіске барлығы жете алады және бастысы – бұл, бірінші кезекте, өз бизнесінді құру туралы ықыластың болуы. Бұл байқауда грант алудан басқа, олар ақшалай көмек жасаушылардан инвестиция алу мүмкіндігіне ие болады және олар байқауға қазылар алқасы ретінде шақырылады»,-деді «Даму» басқарма қорының төрағасы.
Сонымен қатар, биыл байқауда техникалық және жүйелік өзгерісчтер болады.
«Бірінші, біз түсірілімді бастаймыз. Екінші, жүйелік ерекшеліктер туралы айтатын болсақ, онда бізде мемқызметтің және квазимемлекеттік сектор өкілдері қазылар алқасының құрамында болмайды. Біз ол жерде 100 пайыз кәсіпкерлердің, тәуелсіз сарапшылардың, айқындылық мәселесін күшейту үшін тәуелсіз қайраткерлердің қатысқанын қалаймыз»,-деді ол.
Байқаудың өткізілуі туралы толық ақпаратты және оған қалай өтініш беру керектігі туралы www.bolashak.kz және www.damu.kz сайттарынан біле аласыздар. Жеңімпаздар 2016 жылдың 26 қараша айында белгілі болады.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді