- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында Мұнайлы ауданы емханасының жұмысымен танысты
Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында Мұнайлы ауданы емханасының жұмысымен танысты
Емхана ішін аралаған министр өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуы бойынша үлкен істер атқарылып жатқанын байқады.
Медицинаның аталмыш саласы алдын алу жұмыстары мен салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған. Облыс көлемінде 203 денсаулық сақтау мектебі, 70 денсаулық сақтау орталығы, 8 антитемекі орталығы мен 7 жастардың денсаулық сақтау орталығы жұмыс істеуде.
Сонымен қатар ана мен бала денсаулығы, отбасы саулығына үлкен мән берілуде. Қазір де әр дәрігерлік амбулатория емханасында отбасын жоспарлау, бала денсаулығы, бала кездегі сырқаттардың алдын алу кабинеттері құрылып, қызмет етуде.
Бұдан бөлек алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің медициналық-әлеуметтік моделі енгізілді. Осы деңгейде қазіргі таңда құрамында 12 психолог пен 38 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейтін әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды.
Соңғы 3 жылдың ішінде дәрігерлер жұмысының бір бөлік ауыртпалығын орта деңгейдегі қызметкерлерге беруге мүмкіндік берген және медбикелердің өз бетінше қызмет етуіне жағдай жасаған 406 екінші және үшінші медбике қызметі енгізілді.
Облыста алғашқы уақыттардағы сырқаттарды анықтау және сырқаттың асқынып кету қаупінің алдын алуға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарламасы енгізілді. Аталмыш бағдарламаға халықтың 42 пайызы тартылды.
2013 жылдың 9 айында скринингтік анықтау өткізу барысында 35 науқас қатері анықталған. Соның ішінде 91 пайызы енді ғана бас көтеріп келе жатқан сырқат болып табылады. Сонымен қатар, 2197 науқас қатерлі ісік қаупінде екені байқалды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет