- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі 400 жан жұмыспен қамтылды (ФОТО)
ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі 400 жан жұмыспен қамтылды (ФОТО)
Оңтүстік Қазақстан облысында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылдыққа – 25 игі іс» шарасы жалғасуда, деп хабарлады ОҚО әкімдігі. Игі істер аясында «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде облыста 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, 100-ден астам мүгедек ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға тартылған.
Ұйымдастырылған 18 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі кезінде 416 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде, 280 мүгедек тұрақты жұмысқа, 25 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 6-уы қайта даярлау курстарына, 86-ы әлеуметтік жұмыс орындарына және 19 мүмкіндігі шектеулі жас жастар практикасына жолданды.
Мұнан бөлек, 1368 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік көмектер көрсетіліп, жыл басынан бергі жоспар артығымен орындалды.
Еске салайық, аймағымызда өңір басшысы Б.Атамқұловтың бастамасымен «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» шарасы бастау алып, өтуде.
Осыған орай, жоспарланған «Дені саудың жаны сау», «Әлеуметтік қолдау», «Отбасын қолдау», «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз Қазақстан!» және «Игі іс жасауға асық» атты бес түрлі айлық шаралары кезінде барлық салалар бойынша желтоқсан айына дейін игі істер ұйымдастырылып, өткізілетін болады.
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
БҚО: Ауыл шарушалығы, білім, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мәселелері мен өңірдегі эпидахуал -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика