- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысындағы жоғарғы вольтты электр желісінің бірінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталады
Шығыс Қазақстан облысындағы жоғарғы вольтты электр желісінің бірінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталады
Ол түске дейін «KEGOC» АҚ-ның Семей қаласында орналасқан өндірістік нысанында «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» жоғарғы вольтты желі құрылысына жұмылдырылған бас мердігерлер өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жобаның қиындығына қарамастан «Екібастұз – Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Өскемен» жоғары вольтты электр желісін тарту жөніндегі жобаның бірінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталады деп жоспарланған. Жоба 2017 жылы емес, биылғы жылы тәмамдалады, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев хабарлағандай, компанияда әріптестермен бірге жұмыс кестелеріне, материалдар мен жабдықтар беру мерзімдеріне мұқият талдау жасалды және жобаның бірінші кезеңін іске асыруды жеделдету мүмкіндіктері қарастырылды. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын осы күзде аяқтау жоспарланып отыр. Екібастұз – Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Өскемен желісінің жабдықтарын кешенді сынақтан өткізгеннен кейін пайдалануға енгізу жоспарлануда.
Бұл жоба желілердің өткізу қабілетін ұлғайтуға, Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясы тапшылығын жоюға, және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Болашақта жаңа транзит Ертіс ГЭС каскадының толық қуатының берілуін қамтамасыз етеді. Жоғарғы вольтты электр желісі құрылысының бірінші кезеңінің құны 43,3 млрд теңге. Жобаны қаржыландыратын «KEGOC» АҚ.
Түстен кейін Өмірзақ Шөкеев Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша салынып жатқан объект – Есенберлин даңғылының бойындағы коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үйлер кешенінде болды.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын жобалардың әлеуметтік маңызы бар. Олар азаматтар үшін қол жетімді тұрғын үйлер салуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ тұтастай өңір әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшысы Бауыржан Мамытәлиев баяндағандай, тұрғын үй кешенін ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға енгізуді жоспарланып отыр. Жаңа объект – бұл 14 секциядан тұратын 9 қабатты ғимарат. Болашақ тұрғын үйдің жалпы ауданы 39,3 мың шаршы метрді (658 пәтер) құрайды, сондай-ақ 1,2 мың шаршы метр коммерциялық үй-жайлар салынатын болады. Құрылыс графикке сәйкес жүріп жатыр және талап етілетін стандарттарға сай.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру