- Басты
- Жаңалықтар
- С. Абдуллаев: Электронды форматта түскен талаптардың үлесі 72,6%-ға өсті
С. Абдуллаев: Электронды форматта түскен талаптардың үлесі 72,6%-ға өсті
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспарында Заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша әрекет етуді атап өткен болатын. Аталмыш жоспардың 11 қадамы сот жүйесі мен оның әлемдік стандартқа сай кезең-кезеңмен дамуын қарастырады. Аталмыш саясатты орындауда, сонымен қатар, Әскери соттың астанаға көшірілуі мен әскери сот әкімшілігін құруда айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ондағы процестерді жеңілдету мақсатында сот өндірісіне кең көлемде инновациялық технологияны пайдалану үшін 2014 жылы «Сот кабинеті» қызметі жүзеге асқан болатын. Бұл жаңалық сот өндірісінің жұмысын ашық әрі әділсот жұмысын жеделдетуге ықпал етеді»,-деді С.Абдуллаев.
Оның айтуынша, еліміздің әскери соттарына түскен электрондық форматтағы талап арыздар жалпы талаптардың 72,6%-н құрайды.
«2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 3 есеге немесе 49,8%-ға артқан. Бұдан бөлек, 2016 жылдың 6 айында сот процестерінде дыбыстық және бейне жазбалар тіркеу жүйесін қолдану 99,4%-ға жетті. Бүгінгі таңда әскери сот залдары 69,6% қажетті қондырғылармен жабдықталған»,-деп атап өтті С.Абдуллаев.
Қазақстан әскерінде ұрып-соғу және дезертирлік жоқ десе де болады, деді ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев.
«Дезертирлік және жарғыға сәйкес емес қатынастар саны тым мардымсыз, мұндай істер саусақпен санарлық. Бір сөзбен айтқанда, ұрып-соғу және әскерден қашу деген қазір жоқ десе де болады. Себебі қазір азаматтар негізінен келісімшарт бойынша орналасуда, сондықтан олар қызметтің осы түріне саналы түрде барады. Сол себепті мұнда ондай проблема жоқ», - деп атап өтті ол Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар Қазақстанның бас әскери судьясы оқыста қылмыстық әрекетке барған әскер қатарындағы сарбаздарға қатысты қолданылатын жұмсақ жазалардың түрі ұлғайтылған. Бұл ең біріншіден, қоғамдық және түзету жұмыстары.
Ведомство деректері бойынша, соттар, оның ішінде әскери соттармен қылмыстық іс қатысушыларын ақтау оқиғалары артқан. 2016 жылы қылмыстық іс қозғалған тұлғалардың 2,1 пайызы ақталған. 2015 жылы олардың үлесі тек 0,5 пайыз болатын.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда