- Басты
- Жаңалықтар
- А.Қазкенов: Қазақстанда кеңістіктегі деректің Ұлттық инфрақұрылымы құрылады (ФОТО)
А.Қазкенов: Қазақстанда кеңістіктегі деректің Ұлттық инфрақұрылымы құрылады (ФОТО)
«Жобаның жүйесі процесті құруға, сақтауға, жаңарту мен кеңістіктегі деректің базаларын айырбастауға бағытталған. Кеңістіктегі деректің негізгі тобы іргелі, негізгі, салалық, тақырыптық қабаттар, сонымен қатар, метадеректер, анықтамалықтар, регистрлер және сыныптауыштар»,-деді ол.
Кеңесшінің айтуы бойынша, жобаны әзірлеу барысында кейбір базалар мен кеңістіктегі деректер таңдалды. Бұл ауданды геодезиялық қамтамаыз ету, ғарыш деректерінің негізінде мозайканы біржолғыға төсеу, мемлекеттік шекара, әкімшілік бөлудің аумағы, елді мекендер, жол желісі,гидрография, өсім, жер бедері мен геграфиялық атау.
«Кеңістіктегі деректер 2-3 жылда жерді қашықтықта зондтаудың мониторингтік деректері, топографиялық карталардың аэрофотосуреттері мен цифрлауы негізінде жаңартылып отырады. Деректерді қолдануға болады, сонымен қатар, қалалық және жердің кадастрларын құрған жағдайда, табиғи апаттарды, экологияны мониторинг жасаған кездері, су ресурстарына мониторинг кезінде, ауыл және орман шаруашылығанда, елді мекендерді құрған жағдайда қолдануға болады»,-деді А. Қазкенов.
Сонымен бірге, сарапшы жобаның жанама әсері жылына 7,9 млрд теңге деңгейіне есептелгендігін, ал әлеуметтік әсер – кеңістіктегі деректің қолжетімдігі мен жаңа жұмыс орнына есептелгендігін айтып өтті.
«Деректер жинау және олардың құнын төмендету бойынша жұмысты қысқарту, деректер сапасын жақсарту және олардың сәйкестігін қамтамасыз ету»,-деді ол.
Сонымен қатар, кеңесшінің айтуы бойынша, жобаның негізінде Қазақстан ЕАЭО елдерімен ынтымақтастық жасау мүмкіндіктерін қарастыра алады.
«2017 жылға арналған жұмыс жоспары – бұл кеңістіктегі деректің Ұлттық инфрақұрылымына талаптарды анықтау, сонымен қатар, жобаның қаржы кескіні, жобаны іске асырудың жоспарын құру, сонымен қатар, жобаның заңнамалық нормативтік базасын құу»,-деді А. Қазкенов.
Айта кетейік, Астана қаласында Еуразиялық инфрақұрылымның кеңістіктік деректері бойынша конференция өтуде. Конференция жұмысына геоақапараттық жүйе саласындағы жетекші сарапшылар, геоақпарат компанияларының шетелдік және отандық өкілдері, меморган өкілдері мен АҚШ, Канада, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Корея, Ресей, Беларус, Моңғолияның бизнес-нарықтары қатысуда. Конференцияны «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ мен «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК»АҚ болды.
Индира Қауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті