• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин мен А. Жээнбеков қазақстандық-қырғызстандық парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Н.Нығматулин мен А. Жээнбеков қазақстандық-қырғызстандық парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

28 Қараша, 2013 20:27
Санкт-Петерборда ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ ПА парламентаралық шаралар аясында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді деп Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Төрағасы Асылбек Жээнбековті Жогорку Кенештің  75 жылдығымен құттықтап, парламенттердің екіжақты және парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан және Қырғызстан президенттерінің келісімдерін тиімді жүзеге асыру жолындағы екі ел парламенттерінің жұмыс бағыттары да назардан тыс қалмады.  

 

Барлық жаңалықтар