- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның бітімгершілері Ұлыбританиядағы оқу-жаттығуда жоғары деңгей көрсетті (ФОТО)
Қазақстанның бітімгершілері Ұлыбританиядағы оқу-жаттығуда жоғары деңгей көрсетті (ФОТО)
Ұлыбританияда қызу жүріп жатқан «Дала қыраны-2016» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуының қатысушылары спорттық пәндер кешенінде, яғни, арқан тарту, гантельдермен эстафета, ауыр автотехниканы сүйрету, футбол және волейболдан өздерінің дене даярлықтарын паш етті.
Ұдайы физикалық жүктемелер және спортпен шұғылдануға әбден дағдыланып қалған әскери қызметшілер үшін мұндай халықаралық жарыстар нағыз спорттық мерекеге айналды. Қатысушылар тең нәтиже көрсете отырып, барынша күш салды. Қазақстандық «ҚАЗБРИГ» бітімгершілік бригадасының әскери қызметшілері дене даярлығының жоғары деңгейін көрсетті. Қатысушылардың айтуы бойынша, спорттық жарыстар оқу-жаттығу бағдарламасының ажырамас бөлігіне айналған және ұлтаралық командаларды керемет біріктіреді. «Дала қыраны-2016» оқу-жаттығуы Ұлыбританияда 13 шілдеде басталғанын айта кеткен жөн.
Бұл халықаралық оқу-жаттығудың екінші кезеңі, бірінші кезеңі Қазақстанда осы көктемде өткен болатын. Қатысушылардың алдында тұрған негізгі тапсырмалар – бейбітшілікті қолдау жөнінде операциялардың барлық аспектілерін пысықтау болып табылады.
Бес елдің бітімгершілері бірлескен жаттықтырулар өткізеді, тәжірибелерімен бөліседі және бірлескен арнайы операцияны өткізіп те қойды. Шамамен 650 әскери қызметші үшін оқу-жаттығудың өткен аптасы ахуалды оқып-үйрететін жаттығуларды жұмыс жасаумен ерекшеленді. Сценарий бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөнінде шынайы бітімгершілік операциялардың тәжірибесі негізінде жасалған.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда