- Басты
- Жаңалықтар
- Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы 30%-ға аяқталды (БЕЙНЕ)
Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы 30%-ға аяқталды (БЕЙНЕ)
«Біз құрылыс алаңындамыз, бұл жерде ғарыш кемесінің құрастыру кешенінің құрылысы жасалуда және ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының құрылысы жасалуда. Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының мекемесі 80 пайызға және Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы 30 пайызға аяқталды. Жабдық Еуропада дайындалған. Қыркүек айына дейін бұл жабдықтар Астанаға жеткізіледі деп жоспарлануда. Құрылыс жұмысы «Құлагер» және «Airbus» француз компанияларымен бірге жасалуда»,-деді Е.Нұрсейітов.
Оның айтуы бойынша, ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы 100 кг-дан 6 тоннаға дейін ғарыштық аппараттарды өндіретін болады.
«Зауытта жұмыстың кезеңі құрылғының идеясынан оны пайдалануға дейінгі шешімге дейін өтетін болады, оның өндірісіне 3 жылдан астам уақыт кетеді. Бұл спутниктер тікұшақпен Байқонырға жеткізілетін болады және ресейлік әріптестермен бірге ғарыш аппараттарын іске қосатын боламыз. Сонымен қатар, қазіргі заманға сай сынау құрылғылары болады- акустикалық камера, жылу вакуумдық камера, механикалық сынақтардың түрлері. Бұл ТМД-ғы алғашқы ғарыштық аппараттың зауыты. Зауыттың қазақстанды қамтуы 10 пайздан 55 пайызға дейін ұлғайтылған. Егер аппарт 200 млн еуро тұрады деп есептесек, онда оның 50 пайызы Қазақстанның бюджетінде қалатын болады»,-деп түсіндірді ол.
Айта кететін жайт, зауытты пайдалануға 2017 жылдың желтоқсан айында береді деп жоспарлдануда. Оның аясында шамамен 1000 жұмыс орны құрылатын болады, оның ішінде 90-ы инженерлер.
Анар Тәңірқұлова
Бейнеге түсірген Азамат Әлиев
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ға артады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Т.Әубәкіров: Ғарышкер болу үшін ғылымға құштар болу керек -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде