- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» бірінші халықаралық конференциясы өтеді
Алматыда «Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесі-2016» бірінші халықаралық конференциясы өтеді
Форумды ұйымдастырушылар: «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы -«Қазагромаркетинг» АҚ мен «АПК-Информ» жобасы.
Көрме-жәрмеңкілік шараларды өткізу - «Қазагромаркетинг» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай шараларды өткізу заман талабына сай болумен қатар, агробизнесті қолдау шараларының тиімділігін арттыруға ықпалын тигізетінін іс жүзінде байқауға болады. Қоғам құрылғаннан бері мұндай шараларды өткізу бойынша жемісті іс-тәжірибе жинаған, осы уақытқа дейін екі мәрте өткізілген Орта Азия елдерінің «KAZAGROFOOD» жеміс-көкөніс форумы осының айғағы.
Басқарма Төрағасының м.а. Н.М. Мұхамеджановтың айтуынша соңғы үш жылда Қазақстанның жеміс-көкөніс бизнесіне мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілуде.
«ҚазАгро» ҰБХ АҚ құрамына енетін ұйымдар құны 46,04 миллиард теңгені, аумағы 146 га құрайтын, қуаттылығы жылына 60 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін жобаларды қаржыландырған, 2016 жылдың 01.07. қарағандағы жағдай бойынша құны 26,9 миллиар теңгені құрайтын осындай жобалар іске қосылған.
Жеміс-көкөніс бизнесінің дамуы отандық кәсіпкерлер үшін ішкі нарықты толықтай қамтумен қатар, ЕЭЫО мен ЕО елдерінің нарықтарына экспортқа өнім жеткізу перспективаларымен қызықтырады.
Осы факторларды ескере отырып, 2016 жылдың қазан айының 20 мен 21 аралығында Алматы қаласында «KAZAGROFOOD» жеміс-көкөніс форумын өткізу жоспарлануда. Біздің пайымдауымызша, аталған форум жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру саласының өзекті мәселелерін талқылайтын ауқымды шара болады. Сарапшылар саланың ағымдағы ахуалын талдап, болашақтағы перспективаларын, инфорқұрылымының дамуы мен логистикалық қамтамасыздығын талқыға салады.
«Қазақстанның жеміс-көкөніс нарығын қамту ТМД мен алыс шетелдердің өкілдері үшін бұрыннан бері өзекті мәселе болып отырғаны құпия емес. Қазақстанның өкілдеріне келер болсақ, өз кезегінде олар үшін аталған нарықтың қазіргі ахуалы, соңғы уақытта орын алып отырған үрдістері және заманауи технологиялары туралы дер кезінде ақпарат алып отыру өте маңызды. Кейінгі уақытқа дейін Қазақстанда жеміс - көкөніс бизнесімен айналысатын отандық және шетелдік өкілдерді бір жерге жинап, саланың дамуы мен болашағын толыққанды талқылаған бірде-бір шара өткізілмеген», - деп сөз қозғайды, АПК-Информ: жемістер мен көкөністер» жобасының жетекшісі Александр Хорев.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді