- Басты
- Жаңалықтар
- БЖК: Павлодарда жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін мобильдік қосымша жарыққа шықпақ
БЖК: Павлодарда жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін мобильдік қосымша жарыққа шықпақ
Жоба әзірлеушілердің идеясы бойынша бұл мобильдік қосымша арқылы павлодарлық нарықтағы барлық бос жұмыс орындары мен қызмет көрсету туралы ұсыныстарды бір дерекқорға жинауға болады. Оған қоса, бұл бағдарлама пайдаланушыға қажетті жұмыс орнының пайда болуы немесе қажетті маман туралы хабарлама жіберетін болады.
«Мысалға, электрикті жұмысқа алу жөнінде хабарландыру пайда болысымен осы жұмысқа қызығушылық танытқан пайдаланушыға push-хабарлама келетін болады», - дейді жоба авторы Әнуар Жұмаділов. «Дизайнерге немесе басқа сала маманына өз хабарламасы келеді, яғни, бұл жерде мақсатты бағыттылық болады».
IT- мамандар аталмыш қосымшаны «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында өтеусіз грант алған соң іске қосуды жоспарлап отыр. Грантқа қол жеткізуге 89 кәсіпкер үміттенген болатын. Конкурстық комиссия Павлодар облысына 20 миллион теңге бөлінгенін есепке ала отыра, сегіз жобаны таңдап алды. Олардың ішінде ащытқысыз нан пісіру, киізден киім жасап шығару, жарықдиодты шамдалдар өндірісі және басқа да жобалар бар. Олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден алатын болады.
Аймақ басшысы жобаларды кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесіне бекітуге бермес бұрын бұл жобалардың жұмыс істейтініне көз жеткізу қажет екенін атап айтты.
«Грант алуға ұсынылған жобаларды тексеру керек. Орындардағы басшылар бұл жобалардың бұдан былай жұмыс істейтініне кепілдік берулері тиіс. Жобаны не күтіп тұрғанын анық білулері және ол жобалық қуатқа шыққанға дейін жобаны сүйемелдеулері қажет».
-
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Карантин: Қандай қосымша шаралар қабылданады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
БҒМ: Мектепке жұмысқа тұру тәртібі, тестілеуді электронды форматқа көшіру және дипломды цифрландыру -
Ashyq-тың функционалы қандай қосымшаларда жұмыс істейді -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Вакцина алу үшін eGov mobile аpқылы кезекке тұpу, «Saqbol» қосымшасы және ауылдардағы интернет сапасы