- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде жетімдерге арналған әлеуметтік үй салынады
Ақтөбеде жетімдерге арналған әлеуметтік үй салынады
Әлеуметтік үйде 80 адам, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған интернет мекемелерінің түлектері тұратын болады. Оларға бөлек пәтерлер беріледі. Салынып жатқан әлеуметтік үйдегі бір пәтердің жалпы ауданы 40 шаршы метр.
Тұрғын үйге жақын маңда денсаулығында ақауы бар тұрғындарға жалақы алуға мүмкіндік беретін шағын цех құрылысы жүріп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кондитерлік өнімдер, аяқ киім жөндейтін цех, тігін цехы, ұста және жөндеу цехы, сонымен бірге шаштараз бен массаж орталығы пайда болады.
Әлеуметтік үйде тірек-қимыл аппараттары бұзылған жандар үшін сауықтыру құрал-жабдықтары бар дене тәрбиесі, сондай-ақ релаксация залдары болады.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік құрылыс үй құрылысымен танысып, құзырлы орындарға тапсырмалар берді.
“Біз балалар үйлері мен мамандандырылған мектеп-интернатының түлектерінің тағдырын бақылауда ұстап, оларға жан-жақты көмек көрсетуіміз керек. Ең бастысы – жұмыспен және баспанамен қамтамасыз етуіміз керек, ол үшін бар күшін салу керек”, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 70 орынға есептелген Жасөспірімдер үйі бар. Облыстық интернет мекемелерінің түлектері онда 23 жасқа дейін тұра алады. Ал әлеуметтік үйде 16-29 жас аралығындағы түлектер тұратын болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма