• Басты
  • “Денсаулық” пойызының мамандары 1,5 ай ішінде шалға жатқан аудандардың 4 мың адамын тексерді (ФОТО)
25 Шілде, 2016 16:03

“Денсаулық” пойызының мамандары 1,5 ай ішінде шалға жатқан аудандардың 4 мың адамын тексерді (ФОТО)

“Денсаулық” пойызының мамандары 1,5 ай ішінде шалға жатқан аудандардың 4 мың адамын тексерді, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жобасының іске асырылу жолы туралы» тақырыбындағы брифингте ТЖК комитетінің төрағасы Руслан Иманқұлов.
“Денсаулық” пойызының мамандары 1,5 ай ішінде шалға жатқан аудандардың 4 мың адамын тексерді (ФОТО)

“2016 жылдың 11 маусымынан бастап “Денсаулық” пойызы ОҚО, Алматы және Қызылорда облысының 33  станциясының тұрғындарын қарады, жалпы, 6 мың тұрғын, оның ішінде 1145 бала зерттелді. Барлық дәрігерлердің жоғары немесе бірінші біліктілік санаты бар. Емделушілер үшін УДЗ-диагностикалау, таңу, процедуралық кабинеттер және хирургиялық шағын ота жүргізілетін ота жасау бөлімі қарастырылған”, - деді ол.

Барлық кабинеттер толықтай компьютерленген. Сандық флюорографиялық аппарат рентген түсірілімді емделушінің жылдам алуын қамтамасыз етеді, тапсырылған талдаманың нәтижесі де көп күттірмейді.Биыл медициналық пойыздар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында жұмыс істеуде.

«Пойыздар жұмысының 142 күні ішінде биыл 23 341 адам дәрігер мамандардың көмегін алды, 7 796 хирургиялық шағын ота жасалды және 49 322 аса зерттеулер жүргізілді. Бұл сандар – жоба сұранысының айғағы», - деді Р.Иманқұлов.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов медициналық пойыздардың жұмысы қорытындыларына жан-жақты тоқталып, жобаның жоғары қоғамдық тануға ие болғандығын атап өтті.

Айта кетейік, «Медициналық пойыздар» – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, ҚР ІІМ ТЖК және «КТЖ» ҰК» АҚ бірлескен жобасы, 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.Жобаның әлеуметтік маңызы бар, ол сапалы медициналық қызметтің жалпыға қолжетімділігі міндеттерін шешуде мемлекетке жәрдем етуге бағытталған. Бүгінгі таңда медициналық қызметтің барлық жиынтығын алу мүмкінді шалғайдағы елді-мекендердің бәрінде жоқ, адамдар аудан орталықтарына баруға мәжбүр. Жоба арқасында, «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты үш кеңестік-диагностикалық пойыз құрылды. Оларды дәрігерлер кабинеттері, толыққанды диагностикалық корпусы, тіркеу бөлімі, қызметкерлердің тамақтану және демалу орны бар тұтас «дөңгелекті емхана» деп атауға болады.

 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды