- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ҰОС ардагері С.Жиенбаевқа Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті
Н.Назарбаев ҰОС ардагері С.Жиенбаевқа Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқының бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті.
Қазақстан Президенті С.Жиенбаевқа әскери ерлігі мен елдің дамуы жолындағы аянбай еткен еңбегі үшін алғыс айтып, алған марапатымен құттықтады.
« Сіз өткен ғасырдың қиын кезеңдерінің куәсі болдыңыз. Ұлы Отан соғысын бастан аяғына дейін өткердіңіз, одан кейін Қазақстан экономикасын өркендету жолында қызмет еттіңіз. Тәуелсіздік жылдарында елімізге баға жетпес қолдау көрсеттіңіз. Өткен өміріңізді айта отырып, жастарды тәрбиелеп келесіз. Бұл туралы баршамызға аян, аз айтылып, аз жазылған жоқ. Бүгінде Сіздің биік азаматтық қасиеттеріңіз барша Қазақстанның құрметі мен қошеметіне лайық», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор денсаулық пен бақыт тіледі.
С.Жиенбаев республиканың қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Президентінің жеке еңбегіне тоқталды және өз қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар