- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Алматы әкіміне қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауын тапсырды
Елбасы Алматы әкіміне қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдауын тапсырды
Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Б.Байбек Елбасына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға сапалы дайындалып, өткізудің маңыздылығын атап өтті.
« Алматы – еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы мерекеленеді, келесі жылы – Қысқы Универсиада-2017 өткізіледі. Бұлар – ірі мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ қаланың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен кездесуде мен бірқатар тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.
«Қазіргі кезде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар көлемі 45%-ке өсті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде бизнеспен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Соның аясында бірнеше әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр», – деді Алматы қаласының әкімі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады