• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин: ЕурАзЭК-тің Парламентаралық ассамблеясы елдеріміз арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтуға жағдай жасайды

Н.Нығматулин: ЕурАзЭК-тің Парламентаралық ассамблеясы елдеріміз арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтуға жағдай жасайды

28 Қараша, 2013 16:48
Санкт-Петерборда Қазақстан Парламентінің Мәжіліс Спикері, ЕурАзЭК Парламентаралық ассамблеяның төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен аталмыш ұйымның Бюро жиыны өтті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

«ЕурАзЭК Парламентаралық ассамблеясына екінші жыл қатарынан төрағалық етіп отырған ел ретінде Қазақстан көптеген шаралардың бастамашысы болып табылады», - делінген хабарламада.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, еуразиялық интеграциясының құқықтық базасын құру бағытында Ассамблея мақсатты жұмыстар атқарып отыр.

«Жалпы ЕурАзЭК Парламентаралық ассамблеясының қызметі елдеріміздің арасында экономкиалық әріптестікті нығайтуыға бағытталған», - деді Нығматулин.

Бюро отырысының келісімін қарау барысында еңбек жалақысы, кәсіпкерлік қызметтер, сонымен қатар, Кедендік Одақ пен Бірыңғай Экономикалық Кеңістік елдерінің агроөнеркәсіптік саясаты келісімдерінің бағыты бойынша ЕурАзЭК мүше мемлекеттердің заңнамалық үйлесім мәселесі енгізілді.

 

Барлық жаңалықтар