- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Қазақстандықтардың Бразилияда визасыз 30 күнге дейін болуларына мүмкіндік туды (БЕЙНЕ, ФОТО)
ҚР СІМ: Қазақстандықтардың Бразилияда визасыз 30 күнге дейін болуларына мүмкіндік туды (БЕЙНЕ, ФОТО)
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Бразилия Федеративті Респбуликасының Үкіметі арасында азаматтардың өзара визасыз қатынауы туралы нотамен алмасу келісіміне ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстандағы Бразилия Елшісі Деметрир Буэно Каравльо бүгін қол қойды. Келісім қазақстандықтардың Бразилияға визасыз 30 күнге баруына мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтардың шет елдерге баратын кездерінде визасыз режим немесе визалық режимнің жеңілдетілген түрлерін жасау жөнінде тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгін Бразилиямен визасыз режим келісіміне қол қойдық. Енді екі ел азаматтары 30 визасыз барып-келулеріне болады»,-деп мәлімдеді М.Тілеуберді.
Айта кету керек, аталмыз келісім Қазақстан-Бразилия серіктестігін, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гкманитарлық, туристік және басқа да байланыстардыдамытуға бағытталған. Сонымен қатар, екі елдің өзара қатынастарын барынша жеңілдетуді көздейді.
Бұдан бөлек, аталмыш келісім Рио-де-Жанейро қаласында осы жылдың 5 тамызынан 21 тамызына дейінгі аралықта өтетін жазғы олимпиадаға қазақстандық спортшылардың қатысуларын және біздің азаматтардың олимпиадаға баруларын жеңілдетеді. Сонымен қатар, бразилиялықтардың Астанадағы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне келіп, «жасыл экономиканы» дамытудағы адамзаттың соңғы жетістіктерін көрулеріне мүмкіндік туатын болады.



Индира Қауметова
Суретке, бейнеге түсірген Азамат Әлиев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді