- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да ТКШ-нің жаңғыртылған 6 нысаны жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі
СҚО-да ТКШ-нің жаңғыртылған 6 нысаны жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Әділбек Әубәкіровтың мәліметінше, бүгінгі күні 3 млрд 287 млн теңгенің ТҮКҚ саласын жақсарту бойынша 6 жоба іске асырылды, сонымен қатар, су және жылу жүйесінде 8,5 млрд соманың 2 жобасы іске асырылуда. Онымен қатар, облыста тұрмысқа жайлы үйлерге жөндеу жұмыстары жасалуда.
«ТКШ-нің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша, су тарту бойынша 4 жоба іске асырылуда, сумен жабдықтау бойынша-2 жоба. Су тарту жұмыстары Гоголь көшесі бойымен, «Южный» қысым кәріздерінде, қайта жөндеу жұмыстары 1 көтерілімдегі кәріз станцияларынан,Пушкина көшесіндегі канализациялық корректр бойынша, Завадской мен Шухова көшелері бойынша жүргізілуде»,-деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, отырыс барысында осы жылы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту жобасын іске асыру басталатындығы айтылды. Оның жалпы құны 3 млрд 850 млн теңге. Жобаны іске асыруға Еуропалық қайта құру және даму банкі мен бюджеттің қаражаты тартылды.
Жобалар іске асырылғаннан кейін 2018 жылға қарай су желілерінің тозуы 72-ден 62 пайызға төменделетіні, су тарту желілері – 63-тен 50,5 пайызға төмендетілетіні күтілуде.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстары да тыс қалған жоқ. Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының тұрмысқа жайлы тұрғын үй қоры 1710 көпқабатты тұрғын үйден тұрады.
Айта кетейік, «ТКШ, су және жылумен жабдықтау желілерін, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуды жаңғырту» бағыты бойынша «Нұрлы жол» комиссиясының мүшесіне 7 адам кіреді. Күз айында комиссия мүшелері ТКШ-нің жаңғыртылған нысандарында болып, жұмыс барысымен танысатын болады.
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас